• Басты
  • Жаңалықтар
  • Степногорсктегі зауыт гербицид салу үшін өз ыдыстарын шығаратын жаңа желіні іске қосты

Степногорсктегі зауыт гербицид салу үшін өз ыдыстарын шығаратын жаңа желіні іске қосты

7 Мамыр, 2016 15:31
Степногорсктегі кали тұзды галифосат пен гербицидті галифосад өндіретін зауыт «Август-Нан» ЖШС-і гербицид салатын 20 литрлік полиэлитен ыдыстарын шығаратын өздерінің жаңа желілерін іске қосты. Осы арқылы өнімнің өзіндік құны төмендейді, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.

«Август-Нан» ЖШС-і директоры Мұрат Сәрсенбаевтың айтуынша, зауыт өткен жылы 3 млрд. теңгенің 1,4 мың тонна пестицидін өндірген. «Бүгінгі таңда 500 тонна гербицидтің сынамалық партиясы шығарылып жатыр. Жалпы, бір жылда глифосатты гербицидтің көлемі 4 мың тоннаны құрайды»,-деді директор.

Степногорсктегі осы кәсіпорынға жұмыс сапарымен ат басын бұрған аймақ әкімі Сергей Кулагин зауыт жұмысын жақсы бағалап, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы ұмытпауға шақырды. 

Барлық жаңалықтар