- Басты
- Жаңалықтар
- Хиросима мен Нагасакида АТОМ жобасы қолдау тапты
Хиросима мен Нагасакида АТОМ жобасы қолдау тапты
«Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі мен АТОМ жобасы және белгілі «Earth Identity Project» атты Үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған шараға, Хиросима қаласының мэрі, «Мэрлар бейбітшілік үшін» атты Халықаралық қозғалыстың президенті Казуми Мацуи, Хиросима қаласының әлем мәдениеті қорының басшысы, «Мэрлар бейбітшілік үшін» атты қозғалыстың бас хатшысы Ясуёши Комизо, префектура және Хиросима қаласының әкімдігі мен жергілікті БАҚтардың, сондай-ақ аймақтық антиядролық бірлестіктердің өкілдері қатысты», - деп көрсетілген хабарламада.
Шара барысында сөз сөйлеген К.Мацуи Жапониямен Қазақстан арасындағы ғаламдық бейбітшілікті қамтамасыз ету мен нығайту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтті. К.Мацуи екі елдің әлемдегі ядролық қарусыздандыруға бағытталған азаматтық бастамалардың маңыздылығын атай отырып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АТОМ жобасы бастамасын терең қолдайтынын айтты.
Жоғары деңгейдегі аудиторияға Қ.Күйіков өзінің өмірлік тәжіриебесі туралы және Қазақстан Президентінің Семей ядролық сынақ полигонын жабуға қатысты тарихи шешімінен бастау алған ядролық қарусыздану саласындағы бастамалары жайында айтып берді. Суретші 2012 жылдың 29 тамызында Елбасының бастамасымен құрылған АТОМ жобасы барлық елдің азаматтарына ядролық қарусыз болашақ құруға өз үлесін қосуға мүмкіндік беретінін айтты.
ҚР СІМ-інің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Роман Василенко, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мен Жапония халқының қайғылы тарихының ұқсастығын атап, әлемдегі көптеген елдердің азаматтық күш-жігерін бірігуінде адамзатты ядролық қарусыздану ісінде үлкен прогреске жеткізетін күшті потенциал бар екенін атап өтті. АТОМ жобасы мен осы саладағы мәселелермен белсенді айналысып жүрген жапондық Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастық үкіметтер тарапынан осы саладағы талпыныстарға қолдау көрсете алатын дәл осы потенциалды толық жүзеге асыруға бағытталғанын айтты, қазақстандық дипломат.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері