- Басты
- Жаңалықтар
- Универсиада 2017: Алматыда FISU Бақылау кеңесінің инспекциялық сапары аяқталды
Универсиада 2017: Алматыда FISU Бақылау кеңесінің инспекциялық сапары аяқталды
FISU делегациясын бірнеше өкіл құрады. Олар: FISU Бақылау кеңесінің төрағасы әрі вице-президенті Мариан Дымальский, Бақылау кеңесі төрағасының орынбасары Кайрис Ульп, Қысқы Универсиада директоры Милан Августин, Қысқы Универисада директорының көмекшісі Джихо Ким және қысқы Универсиадалар ассистенті Паола Форни.
FISU Бақылау кеңесінің төрағасы Мариан Дымальский, 2017 жылғы қысқы Универсиадаға дайындыққа оң бағасын берді. Ол Алматыда өтетін халықаралық студенттер ойынының сәтті өтетініне сенім білдірді.
«Біз Ұйымдастыру комитетінің атқарған қыруар жұмыстарына көңіліміздің толғанын айтқымыз келеді. Бір апта бойы біз Универсиада нысандарын араладық. 2017 жылғы қысқы Универсиада өз деңгейінде, керемет өтеді деп ойлаймын. Біз сапарымыздан Алматы мен Қазақстаннан жақсы әсер алдық»,-деді Мариан Дымальский.
Апта бойы FISU делегациясы Универсиада нысандарының дайындығын тексерді. Атап айтсақ олар: «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешені, «Алатау» шаңғы-биатлон кешені, 12 мың адамдық Мұз сарайы, Атлетикалық қалашық және т.б. жерлерге бас сұқты. Бұдан бөлек, Бақылау кеңесінің өкілдері Дирекция департаменттерінің функционалды бағыттары бойынша бірнеше мәселелерді талқылады.
Айта кету керек, FISUБақылау кеңесі өз сапарлары аясында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекпен кездесті. Кездесу барысында, FISU басшылығы Универсиада нысандарының құрылысына көңілдерінің толғанын айтып, алда біріге атқаратын жұмыстары туралы сөз қозғады.
Сапар қорытындысында, 2017 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша дирекциясының директоры Әсет Әбдуалиев, FISU Бақылау кеңесінің сапары, алдағы уақытта тиімді жұмыс жасауға септігін тигізеді деді.
«Біз Бақылау кеңесінің өкілдеріне алғыс білдіреміз. Олар бірнеше күн бойы үлкен жұмыстар атқарып, бізге кеңес берді. Олардың барлық кеңесі біз үшін маңызды әрі пайдалы»,-деді Әсет Әбдуалиев.
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілмек -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты