- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Үкімет отырысында бірқатар шешімдер қабылданды
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Үкімет отырысында бірқатар шешімдер қабылданды
Отырыс барысында Премьер-Министр «Президент тарапынан жалпы Үкіметке және жеке министрліктерге қатысты жер заңнамасын жүзеге асыру мәселелері бойынша орынды сын айтылғанын» баса айтты.
«Бүгін біз Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бірнеше шешімдер қабылдауымыз қажет», - деді К.Мәсімов.
Сонымен, Премьер-Министр мыналарды тапсырды:
• Орталық және жергілікті атқарушы органдарға Мемлекет басшысы жариялаған Жер кодексінің кейбір нормаларына келесі жылға дейінгі мораторийден туындайтын сәйкес шаралар қабылдау.
• Қысқа мерзімде Премьер-Министрдің Орынбасары Б.Сағынтаевтың басшылығымен жер заңнамасын түсіндіру бойынша Комиссияның тиімді жұмысы үшін қажетті шаралар қабылдау.
• Жер қатынастарын реттеу саласындағы мәселелерді Ұлттық экономика министрлігінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсыру.
• Инвестициялар және даму министрлігінен ақпарат саласындағы сәйкес функцияларды тапсыра отырып, Қазақстан Республикасының жаңа Министрлігін құру бойынша қажетті рәсімдер жүргізу.
• Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне міндетті медициналық сақтандыруды енгізу бойынша іс-қимылдың Жол картасын әзірлеу.
• Білім және ғылым министрлігіне орта мектептерде оқу жылын ұзарту мәселелері бойынша және үш тілді білім беруді енгізу мерзімдері туралы қоғамның пікірін зерттеу.
• Премьер-Министрдің Орынбасары Дариға Назарбаеваға өңірлердегі консультациялық орталықтармен бірге Үкімет жанындағы бірыңғай сall-орталық – жүргізілген реформалар туралы түсіндіру үшін «жедел желі» құру.
«Жауапты адамдарды бекіту қажет, бір де бір сұрақ жауапсыз қалмауы тиіс», – деп атап өтті ол.
«Әр басшы өз құзіреттілігі аясында реформалардың барлық бағыттары бойынша қоғамның қатынасын талдап, өз қызметінде сәйкес түзетулер енгізуі тиіс», - деп баса айтты К.Мәсімов.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жемісті және конструктивті жұмыс қалыптастыру қажет. Нақты айтқанда, кеше ел Президенті бізге тағы да сенім білдірді, енді біз өзіміздің тиімді жұмысымызбен сол сенімді ақтауымыз тиіс», – деп түйді Премьер-Министр.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Қазақстан Конституциясы қалай қабылданды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады