• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі ұжымға Ұлттық экономика министрлігінің жаңа басшысын таныстырды

ҚР Премьер-Министрі ұжымға Ұлттық экономика министрлігінің жаңа басшысын таныстырды

6 Мамыр, 2016 17:08
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ұлттық экономика министрлігінің ұжымына жаңа министр - Қуандық Бишімбаевты таныстырды, деп хабарлады primeminister.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы ұлттық экономика министрі болып тағайындалды», - дейді Кәрім Мәсімов.

Ведомствоның бұрынғы басшысы Ерболат Досаев Мемлекет басшысына Үкіметтегі еңбек жолында сенім білдіргені үшін ризашылығын айтты.

«Сондай-ақ ұжымға бірлескен жұмысы үшін алғыс айтқым келеді. Бұл мен үшін үлкен абырой. Ұлттық экономика министрлігіне және қазір жасап жатқан жұмыстарыңызда үлкен жауапкершілік артылған деп есептеймін», - деді әріптестеріне зор денсаулық пен табыстар тілеген Е.Досаев.

Өз кезегінде Қ.Бишімбаев «Ұлттық экономика министрлігі Үкімет құрамындағы басты ведомство болып табылады, сондықтан мен бар білімім мен тәжірибемді Министрлік ұжымымен бірге Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындауға бағыттаймын» деп баса айтты.

 

Барлық жаңалықтар