- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда БАҚ саласында ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарына өтініш беру басталды
Қазақстанда БАҚ саласында ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарына өтініш беру басталды
Сыйлықтар мен гранттар алуға үміткерлерді бұқаралық ақпарат құралдары, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады.
Алғыс жариялауға шығармашылық ұжымдарды шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады.
Әрбір бұқаралық ақпарат құралы, шығармашылық одақ, қоғамдық бірлестік, мемлекеттік орган сыйлықтар мен гранттар алуға екі үміткер ғана ұсынуға құқылы.
Сыйлықтар, гранттар алуға үміткерлердің және Алғыс жариялауға шығармашылық ұжымдардың өзін-өзі ұсынуына жол берілмейді.
Сыйлықтар немесе гранттар алуға бұқаралық ақпарат құралының, шығармашылық одақтың, қоғамдық бірлестіктің, мемлекеттік органның ресми бланкісіне жазылған, бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған (А4 форматтағы көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным жолданады. Оған мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
- сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің аты, әкесінің аты, тегі және шығармашылық бүркеншік есімі (егер болса), сондай-ақ атқаратын лауазымы көрсетілген негізгі жұмыс орнынан анықтама;
- сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің шығармашылық қызметінің қысқаша сипаттамасы;
- жарияланымдар мәтіндері немесе аудио және (немесе) бейнематериалдар;
- негізгі жарияланымдарының тізімі және (немесе) олардың көшірмелері.
Алғыс жариялауға шығармашылық одақтың, қоғамдық бірлестіктің, мемлекеттік органның ресми бланкісіне жазылған бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған бұқаралық ақпарат құралының қызметі туралы (А4 форматтағы көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным ұсынылады;
Конкурсқа мән-маңызы жоғары негізгі жарияланымдар немесе аудио және (немесе) бейнематериалдар ұсынылады. Қарауға 2015 жылғы 1 маусым мен 2016 жылғы 1 маусым аралығында жарияланған және (немесе) эфирге шыққан материалдар қабылданады.
Сыйлықтар, гранттар алуға және Алғыс жариялауға ұсынылған материалдар мен құжаттар қайтарылмайды.
Кітаптар БАҚ саласындағы наградалар алуға ұсынылған материал ретінде қарастырылмайды. Мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар топтамасын ұсынуға болады.
Мемлекет басшысының сыйлықтарын, гранттарын алуға және Алғысын жариялауға ұсынымдарды Қоғамдық комиссияның төрайымы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың атына 2016 жылғы 6 маусымға дейін төмендегі мекенжай бойынша жолдау қажет: 010000, Астана, Сол жағалау, «Ақорда» Резиденциясы.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер