• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев пен В. Путин Еуразия кеңістігіндегі өңірлік өзара іс-қимылдың қазіргі мәселелерін талқылады

Н.Назарбаев пен В. Путин Еуразия кеңістігіндегі өңірлік өзара іс-қимылдың қазіргі мәселелерін талқылады

6 Мамыр, 2016 16:32
Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары әңгіме барысында бір-бірін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің алда келе жатқан 71 жылдығымен құттықтады.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың және Еуразия кеңістігіндегі өңірлік өзара іс-қимылдың қазіргі мәселелерін талқылады.   

Барлық жаңалықтар