- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада қызметтік парызын орындау кезінде қаза тапқан ІІМ мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін еске алды (ФОТО)
Астанада қызметтік парызын орындау кезінде қаза тапқан ІІМ мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін еске алды (ФОТО)
Салтанатты рәсімге Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ішкі істер органдарының зейнеткерлері қатысты.
Қатысушылар қызметтік парызын өтеу кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін үнсіздікпен еске алды. Ардагерлер және шақырылғандар алдында Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов, Қазақстандық іІшкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы полиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков сөз сөйледі.
«Отан қорғаушылар күнін және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісін тойлау – Қазақстан азаматында өз елі үшін ерекше мақтанышты қалыптастырады, патриотизмді нығайтады және Отанға қызмет етуге бағыттайды, өз мамандығы үшін қызметкерлер мен әскери қызметшілердің мақтаныш деңгейін арттырады.
Маңызды бағыт қазақстан әскері мен құқық қорғау органдары дәстүрлерін, қызметкерлердің әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерліктерін ілгерілету болып табылады» деп атап өтті Р. Жақыпов.
Қаза тапқандар туралы естелік іс-шараны аяқтау барысында Астана қаласының Ұлттық ұланы мен полиция гарнизонының бөліністері ардагерлер мен қатысушылар алдында салтанатты шерумен жүріп өтті.
Соныдай-ақ ІІМ-нің клубында «Жеңіс жолдарымен!» фотодеректі көрме ұйымдастырылды.
Министрдің бұйрығымен ішкі істер органдарының 518 қызметкері, оның ішінде ведомстволық наградалар мен медальдармен 202 қызметкер марапатталды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды