- Басты
- Жаңалықтар
- Польша делегациясы Жамбыл облысының инвестициялық әлеуетімен танысты (ФОТО)
Польша делегациясы Жамбыл облысының инвестициялық әлеуетімен танысты (ФОТО)
Кездесу барысында поляк делегациясы өңірдің инвестициялық әлеуетімен, тарихымен танысты.
Жамбыл облысының Польша Республикасымен сауда қатынастарын одан әрі дамытуға үлкен мүмкіндіктері бар.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Жамбыл облысының Польшамен сауда айналымы 2,0 млн. долларды құрады.
Ағымдағы жылы Польшадан біздің облысымызға 436,8 мың АҚШ долларының тауары импорттады.
Жамбыл облысына жаңа піскен жемістер, консервіленген көкөністер, жуу құралдары, пластмассадан мононить, қара металдардан жасалған бұйымдар, мойынтіректер, жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары, тіркемелер мен жартылай тіркемелер жеткізіледі.
Жергілікті кәсіпорындар сары фосфор, натрий триполифосфат, минералды тыңайтқыш – аммофос, термикалық ортофосфор қышқылы, барий сульфаты, темір құрылғыларын, гранит, мәрмәр, гипсокартон парақтарын экспорттауға дайын.
“ Біздің елдеріміздің экономикасының көптеген салаларында бірлескен әріптестік өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді”,- деп облыс әкімі атап өтті.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы поляк әлеуетті инвесторларға агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру және т. д. перспективалы қаржыландыруды талап ететін инвестициялық жобаларды ұсынуға дайын.
Кездесуден соң Польша делегациясы Т. Рысқұлов, Меркі аудандарындағы "Андерс армиясы" поляк әскери қызметшілерінің қабіріне барып қайтты.
Атап айту керек, Т. Рысқұлов, Меркі және Жуалы аудандарындағы поляк солдаттарының жерлеу орындары бар. Шақпақ елді мекенінде – 216, Меркіде – 19, Луговой станциясындағы бауырлас қабіргеде - 46 адам жерленген.
Сондай-ақ сапар аясында қонақтар тарихи Тараздың мәдени-тарихи көрікті жерлерін аралады.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр