• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс Күні мерекесімен құттықтады

Алматы облысында ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс Күні мерекесімен құттықтады

6 Мамыр, 2016 18:06
Алматы облысында ҰОС-ғы Жеңіске 71 жыл толуына орай 100 ардагер соңыс және тыл ардагерлерінің салтанатты қабылдауына қатысты, деп хабарлайды аймақ әкімдігі.

«Құрметті ардагерлер! Сіздерді шын көңіліммен Жеңіс күнімен және Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің осынау шуақты күндерінде өмір бойы Отанымызды қорғаған, бүгін де қорғап, мемлекетіміздің мүддесі үшін қызмет етіп жүрген, ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген жауынгерлеріміздің адал еңбектерін бағалап, олардың ерліктерін бір сезінеміз. Құрметті ардагерлер ерекше алғысымызды сіздерге арнаймыз. Өйткені сіздер Отан қорғап, бейбіт те жарқын күндерді сыйладыңыздар. Сіздердің атқарған қызметтеріңіз баға жетпес ерлік екенін жақсы білеміз. Сіздердің ерліктеріңізге тағзым ету, сіздерді құрметту біздің басты парызымыз»,-деді ардагерлерді құттықтауында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Айта кету керек, Алматы облысында 257 соғыс ардагері мен 20-дан астам тыл еңбеккерлері тұрады. Әкімнің салтанатты қабылдауында әр ардагерге сыйлық ретінде 70 мың теңгеден берілді. 

Барлық жаңалықтар