- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
ҚХА қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
«Құрметті отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл – қазақстандық патриотизм мен азаматтық кемелдіктің, Азаттық пен Тәуелсіздіктің ұлы мұраттары жолында Отанға адал қызмет етудің символына айналған парыз бен жауапкершіліктің бүкілхалықтық мерекесі.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы жылы Отан қорғаушылар күні біздің еліміз бен халқымыздың басты ұстанымдарының ерекше жарқын символы болып табылады.
Біз жүрегінің қалауымен және кәсіби борышына сай «Отан қорғаушы» деген биік атаққа ие болып жүргендерді бұл күні салтанатты түрде ұлықтаймыз.
Біз өз өмірін Отанына қызмет етуге арнаған рухы күшті адамдарға – шаштарын қырау шалған және кеудесі наградаға толы майдангерлерден бастап, қазіргі Қазақстанның Қарулы Күштерінің ел мүддесін, бейбітшілік пен азаматтарымыздың қауіпсіздігін сенімді түрде қорғап, әскери қызметті лайықты атқарып жүрген сарбаздарына, офицерлері мен генералдарына деген құрметімізді білдіреміз.
Құрметті Отан қорғаушылар!
Осынау күні өздеріңізге деген денсаулық, бақыт, тыныштық пен береке тілеген ең ізгі тілектерімізді қабыл алыңыздар.
Қасиетті борыштарыңызды орындауда әрдайым азаматтылық пен ержүректіліктің, рухы беріктік пен өзіне деген сенімнің және қайсар ерік-жігердің өнегесі болып қала беріңіздер.
Мереке құтты болсын!», - делінген құттықтауда.
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады