- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев пен «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы корпорацияның кенішті игеруге қатысу мәселесін талқылады
Н.Назарбаев пен «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы корпорацияның кенішті игеруге қатысу мәселесін талқылады
Кездесу барысында Қазақстан мен «Шеврон» компаниясының мұнай және газ саласындағы ынтымақтастығы , бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ корпорацияның кенішті игеруге қатысу аясын кеңейту мәселелері талқыланды.
Елбасы Қазақстан үшін «Шевронның» маңызды серіктес екенін атап өтті.
«Біз етене жақын достармыз. Ынтымақтастығымыз өзара тиімді. Сіздің компанияны біз басқа мердігерлерге үлгі етеміз. Қазір күрделі кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Бұрын шикізат бағасы тым жоғары болғандықтан шалқып өмір сүрдік. Бүгінде баға әлдеқайда көңілге қонымды. Сондықтан бізге жаңа бағамен және үлкен өндіріс көлемімен өмір сүріп үйрену керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясының елімізде қызмет жасағалы бері бюджетке 113 миллиард доллар төлегеніне, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатқанына назар аударды.
«Теңізшевройл» қызметкерлерінің 85%-ы – қазақстандықтар, барлық буын басшыларының 73%-ы – еліміздің азаматтары. Бұл басқа инвесторлар үшін жақсы өнеге, – деді Мемлекет басшысы.
Дж.Уотсон өз сөзінде елдегі қолайлы инвестициялық ахуалға қолдау көрсеткені және саланы дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
«Мен қоршаған ортаны қорғау және өндірістегі қауіпсіздік мәселелеріне Сіздің зор көңіл бөлетініңізді білемін. Біздің кәсіпорын осы көрсеткіштер бойынша әлемдегі үздіктердің бірі. Биыл біз Теңіз кенішінде күрделі жөндеу жүргіземіз, одан кейін күкірт қалдығы қоршаған ортаға таралмайтын болады», – деді «Шеврон» компаниясының басшысы.
Дж.Уотсон қазақстандық өнім үлесін ұлғайту компания қызметінің басымдығы бар бағыты болып қала беретінін, қазіргі кезде оның көлемі 20 миллиард доллар болып отырғанын айтты.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері