- Басты
- Жаңалықтар
- Елдің қауіпсіз әрі бейбіт дамуы ғана оның әрі қарай өркендеуінің кепілі болады
Елдің қауіпсіз әрі бейбіт дамуы ғана оның әрі қарай өркендеуінің кепілі болады
Мемлекет басшысы өз сөзінде жиналғандарды алдағы Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады.
« Мереке қарсаңында біз дәстүр бойынша өз өмірін әскери қызметке арнаған ең үздіктерге жоғары атақтар тапсырамыз. Сіздер күн-түн демей, тәулік бойы қызмет ететін ерекше мамандықты таңдадыңыздар. Сіздер Отанымыздың қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қосып келесіздер», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде республикамызда тиімді армия қалыптасқанына, қару-жарақпен жабдықтау бағдарламасы табысты жүзеге асырылып, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайына қамқорлық көрсетіліп жатқанына назар аударды.
«Елдің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне жауапты барлық құрылымның кәсіби деңгейі күннен күнге өсіп келеді. Бұл ретте генералдар мен офицерлерге айрықша маңыз беріледі. Жауынгерлік машық пен шеберлікті арттыру, әскерлердің өмірі мен құқық қорғау органдарының жұмысында сапалы өзгеріс жасау сіздердің көшбасшылықтарыңызға байланысты. Сіздер бүкіл жеке құрамға және жас әскери қызметшілерге үлгі бола отырып, жауынгерлік абырой мен батылдық дәстүрінің сақтаушысы болуға тиіссіздер. Халық сіздердің қызметтеріңіз бен іс-әрекеттеріңізге қарап бүкіл Қарулы Күштерге баға береді. Сіздерге ең қымбат нәрсе – азаматтардың бейбіт өмірін сақтау және Тәуелсіздік табыстарын қорғау сеніп тапсырылған», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті елдің қауіпсіз әрі бейбіт дамуы ғана оның әрі қарай өркендеуінің кепілі болатынын айтты.
««Армия – өз орнын ешқашан тастап кетпейтін мәңгілік қарауыл» деген сөз бар. Мен сіздерге жоғары атақ бере отырып, бұдан ары да әскери борыштарыңызды лайықты атқаратындарыңызға, Отанымызға мінсіз қызмет ететіндеріңізге сенемін. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртібі мен конституциялық құрылымын қорғау үшін бар күш-жігерлеріңізді, білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізді жұмсайтындарыңызға сенімдімін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Рәсім барысында авиация генерал-лейтенанты әскери атағы Н.Орманбетовке; вице-адмирал әскери атағы Ж.Жанзақовқа; Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-лейтенанты арнаулы атағы – А.Күреңбековке; 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені – Ж.Асановқа; генерал-майор әскери атағы – Л.Әлшекеновке, Д.Ділмановқа, Н.Қашағановқа, С.Нұрахметовке, Ж.Омарқұловқа, М.Сатовқа, авиация генерал-майоры әскери атағы – А.Айымбетовке, Н.Кәрбеновке; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы – А.Дүйсебаевқа; сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы – К.Әденовке, Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы – А.Әшімбекұлына; полиция генерал-майоры арнаулы атағы – И.Лепехаға; 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені М.Қайыбжановқа, С.Нұрпейісовке, Ұ.Патсаевқа берілді.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері