- Басты
- Жаңалықтар
- Түрлі этностардың өкілдері қазақ тілінен жарысқа қатысты
Түрлі этностардың өкілдері қазақ тілінен жарысқа қатысты
Гран-при «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының өкілі Әділ Ишмухаметовқа бұйырса, «Возрождение» неміс қоғамының өкілі Анастасия Кровицкая бірінші орын алды.
« Байқау жеңіл әрі қызықты болды. Мен қазақ және ағылшын, сондай-ақ, Конфуций институтында қытай тілін үйреніп жүрмін. Байқауда «Қарлығаш» әнін орындап, өлеңдер оқыдым, әңгімелесуден өттім. Оның үстіне неміс қоғамында актерлікпен айналысамын, мектепте «беске» оқимын», – дейді он бес жасар Анастасия Кровицкая.
Осы күні Оқушылар сарайында қалалық жексенбілік мектеп оқушыларының арасында «Менің Отаным - Қазақстан» сурет байқауының қорытындысы шығарылды.
Бірінші топ 6-9 жастағы балалар арасында Неміс жексенбілік мектебінің оқушысы Алина Жакулина Гран-при иеленді, ал Өзбек жексенбілік мектеп оқушысы Абдуллах Аббозов бірінші орын алды.
Екінші топ 10-12 жастағы балалар арасында бас жүлде Орыс-казак жексенбілік мектебінің шәкірті Леонид Грицманға бұйырды, татар-башқұрт жексенбілік мектебінің өкілі Арина Абдрахманова бірінші орын иеленді.
Ересектер арасында (13-17 жас) «Оберег» Украина жексенбілік мектебінің өкілі Әсел Сапаралиева Гран-при алса, осы мектептің тағы да бір өкілі Юлия Шмидт бірінші орынға тұрақтады.
Шара соңында елордалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары баршаға музыкалық көңіл күй сыйлап, ҚР тұрып жатқан этностардың ұлттық әдет-ғұрыптарымен және салт-дәстүрлерімен таныстырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді