- Басты
- Жаңалықтар
- А.Теңгебаев: Қазақстанда ақшаны жария етуді екі жолмен жүзеге асыруға болады
А.Теңгебаев: Қазақстанда ақшаны жария етуді екі жолмен жүзеге асыруға болады
“Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті жария ету мәселелері бойынша өтініштер жалпы санның 95%-дан астамын құрады:жария ету мерзімі;ұсынылатын құжаттардың тізбесі;жария етуге жататын мүлік;жер учаскесін және осы учаскеде салынған үйді жария ету мүмкіндігі;тіркелмеген жер учаскесінде салынған үйді жария ету мүмкіндігі;90-ншы жылдардан бері адамдар өмір сүріп жатқан ескі пәтерлерді жария ету мүмкіндігі;саяжайларды, гараждарды, үйге жапсаржайды жария ету мүмкіндігі;томобильді жария ету мүмкіндігі”, - деді ол.
Ағымдағы күнге мүлік пен ақшаны жария етуге арналған өтініштердің сомасы 1,4 трлн. теңгеден асты, одан 1,2 трлн.теңгесі жария етілді, оның ішінде ҚР аумағында орналасқан мүлік бойынша сомасы 645 млрд. теңгеге; ҚР аумағынан тыс орналасқан мүлік бойынша сомасы 1,8 млрд. теңгеге; сомасы 558 млрд. теңгеге ақша жария етілді.
81 мыңнан астам жылжымайтын мүлік объектісі жария етілді, оның ішіндегі 6 мыңға жуық ол коммерциялық объектілер.
2015 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша 425 млрд.теңге жария етілді. 2015 жылғы 30 қарашадағы көрсеткіштермен салыстырғанда, қосымша 779 млрд. теңге, оның ішінде ҚР аумағында орналасқан мүлік бойынша 302 млрд. теңге; ҚР аумағынан тыс орналасқан мүлік бойынша 0,7 млрд. теңге жария етілді; 477 млрд. теңгеге ақша жария етілді.
Акцияның бүкіл кезеңі ішінде өз мүлкін жария ету үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға 86 мыңнан астам азамат жүгінген (1 желтоқсанға – 69 мың азамат).
Бұдан басқа, халықтың қалың жiгi арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, Бірыңғай байланыс орталығының (бұдан әрі - ББО) 1414 тегін телефон желісі арқылы консультация беру ұйымдастырылды.
Мүлікті жария ету мәселелері бойынша консультация беру басталғаннан бері Бірыңғай байланыс орталығына халықтан барлығы 18 810 өтініш келіп түскен, оның ішінде 2016 жылғы І тоқсанның ішінде – 1369 өтініш түскен.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары