• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ДСӘДМ жұмыс тобы аймақтарға енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру ережелерін түсіндіреді

ҚР ДСӘДМ жұмыс тобы аймақтарға енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру ережелерін түсіндіреді

6 Мамыр, 2016 13:17
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жұмыс тобын құрады және олар енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру ережелерімен таныстыратын болады. Бұл туралы ведомство басшысы Тамара Дүйсенова Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге сапары барысында айтты.

«Біздер міндетті медициналық сақтандыруды енгізу туралы Жол картасын дайындадық. Оның барлығы Мемлекет басшысы барша азаматтарға осы сақтандыруды түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма беруіне орай жасалды.

Министр өз сөзінде ендігі күні түсіндіру бойынша жұмыстар мекен-жайлы жүргізілетіндігін айтты, яғни обыс, аудан және ауыл деңгейлерінде.

«Егер бұрындары біз ҮЕҰ, қоғамдық ұйымдармен, медициналық ұйымдармен жұмыс жасаған болсақ, қазір біз мекен-жайлы баратын боламыз, яғни облыстық, аудандық және ауылдық деңгейде. Біздің жұмыс топтарымыз құрылады және олар осы бағыт бойынша жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында өзіміздің Жол картамызды кеңейтеміз»,-деді Т.Дүйсенова.

Сонымен бірге, ведомство басшысы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мораторий Қазақстанның халқымен пәтуа табу үшін жасалғандығын айтып өтті.

«Кеше Елбасы хабарлаған мороториді халықаралық тәжірибе деп айтқым келеді. Бұл инвестиция тарту үшін жер учаскелерін жалға беруге мүмкіндік, соынмен қатар жер қорларын дұрыс қолдануға да. Бұл кез-келген мемлекеттің байлығы»,-деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар