• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Танака: «Әлем. XXI ғасыр» манифесін бейбітшілікке ұмтылыс теориясы ретінде сипаттауға болады

Т.Танака: «Әлем. XXI ғасыр» манифесін бейбітшілікке ұмтылыс теориясы ретінде сипаттауға болады

6 Мамыр, 2016 10:06
Президент Н.Назарбаев Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 1991 жылы қазіргі мемлекет құрылымының құрылысына дәйекті және елеулі үлес қосуымен ерекшеленді. Көбінесе, барлық адамзатты жойып жіберетін ядролық қаруды толық қарусыздандыру және Семей ядролық полигонын мәңгілікке жабу. Бұл туралы Орта Азия мен Кавказ ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Тэцуджи Танака(Япония) Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлім етті.

«Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Манифесімен қатты толқыдым және ол жерде адамзатты жойып жібермеу үшін «21 ғасыр Соғыссыз әлемнің» толық бейілділігі әңгімеленеді. Аталмыш Манифестті бейбітшілікке ұмтылыс теориясы ретінде сипаттауға болады. Оның негізгі сарыны – әлемде бейбітшілікті орнату және өмірді соғыссыз өткізу»,-деді Т.Танака.

Сонымен қатар, ол өз сөзінде Қазақстандық Көшбасшы 25 жыл бұрын Семей сынақ полигонын жапқандығын атап өтті. Оның айтуынша, жалпы қарусыздандыру саласында біздің еліміздің үлкен үлесі, ең ірі ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тарту болды.

«Сонымен қатар, Президент Н.Назарбаев Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 1991 жылы қазіргі мемлекет құрылымының құрылысына дәйекті және елеулі үлес қосуымен ерекшеленді. Көбінесе, барлық адамзатты жойып жіберетін ядролық қаруды толық қарусыздандыру және Семей ядролық полигонын мәңгілікке жабу. Сондай-ақ, 2015 жылдың желтоқсан айында Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Ядролық қарудан азат әлемді құру туралы жалпыға бірдей декларациясы құрылды, ал 10 жыл бұрын Қазақстан Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру бойынша мықты көшбасшылық бастамасын көрсетті»,-деді ол.

Барлық жаңалықтар