• Главная
  • Елбасы Д.Родин мен Қ.Үмбетовке «Халық Қаһарманы» атағын берді
6 мая, 2016 09:02

Елбасы Д.Родин мен Қ.Үмбетовке «Халық Қаһарманы» атағын берді

Елбасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Елбасы Д.Родин мен Қ.Үмбетовке «Халық Қаһарманы» атағын берді

«Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Халық қаһарманы»

атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі -

Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Родин Дмитрий Олегович - «Fokker-100» әуе кемесінің командирі, Алматы қаласы

Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы - Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы - 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.