• Басты
  • Жаңалықтар
  • Кәсіпкерлер жерді сатып алу мүмкіндігін үлкен құшыныспен қабылдауда – «Атамекен» ҰЭП

Кәсіпкерлер жерді сатып алу мүмкіндігін үлкен құшыныспен қабылдауда – «Атамекен» ҰЭП

5 Мамыр, 2016 16:12
Барлық кәсіпкерлер жерді жеке меншікке сатып алу құқығын иеленгендері үшін бұл бастамаға үлкен құшыныс білдіріп отыр. Осылай болған жағдайда жер үнемі айналымда болады, кәсіпкерге де, мемлекетке де пайда келтіреді, деп хабарлады ҚР «Атамекен» ҰЭП-ң агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Рүстем Құрманов ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында.

«Бүгінгі таңда көптеген кәсіпкерлер жер сатып алуға құқықтары болғандары үшін бұл жағалыққа үлкен құлшыныс білдіріп отыр. Олар өз жерлерінде жұмыстарын жалғастыра беретін болады. Біз жалпы жер сатып алуға ынталылардың көп болатынын көріп отырмыз. Менің ойымша, бұл дұрыс шешім. Өйткені жер айналымда болуы керек және өзінің құндылығын сақтауы қажет»,-деп хабарлады ол.

Сонымен қатар Құрманов мырза «егер жер сатылып алынса, меншік құқығы ретінде жерді банкке кепілдікке қойып, алдағы уақытта даму үшін қаржы алуға да болатынын» атап өтті. 

Барлық жаңалықтар