• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ЭМ басшысы канадалық компаниямен тау-кен саласындағы ынтымақтастықты талқылады

ҚР ЭМ басшысы канадалық компаниямен тау-кен саласындағы ынтымақтастықты талқылады

5 Мамыр, 2016 18:09
Астанада Қазақстан Республикасы энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың CAMECO Corporation президенті Тим Гитцелмен (Tim Gitzel) жұмыс кездесуі өткізілді, кездесуде тараптар Қазақстанның канадалық тау-кен компаниясымен ынтымақтастықты бұдан әрі дамытудың перспективасын талқылады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Компания CAMECO бизнестің 4 бағытында жұмыс атқарады: уранды өндіру және шығару, уран конверсиясы өнімдерін шығару және CANDU реакторлары үшін ядролық отынды әзірлеу, АЭС электр энергиясын өндіру үшін инвестициялау және алтын өндіру.

“CAMECO әлемдегі уран өндірушілердің үштігіне кіреді, компанияға әлемдік уран өндірудің шамамен 19% үлесі тиесілі. Канада және АҚШ-тағы уран кеніштеріне және конверсиялық зауыттарға, сондай-ақ «Қазатомпром» ҰАК-мен бірлексен түрде «Инкай» Бірлескен кәсіпорынының 60% үлесіне иелік етеді. Сонымен қатар активтер портфеліне Австралиядағы және Монғолиядағы барлау жобалары кіреді”, - делінген хабарламада.

2013 және 2014 жылдарында CAMECO компаниясы   10 700 және 10 570 тонна уран өндірді.  

 

Барлық жаңалықтар