- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ауруларды басқару бағдарламасы басталды
Қазақстанда ауруларды басқару бағдарламасы басталды
Екі күн бойы дәрігерлер, орта буын медициналық мамандар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салты бойынша мамандар бағдарламаға қатысатын науқастармен жұмыс істеу әдістерін үйренді.
Ауруларды басқару бағдарламасы Қазақстанда 2013 жылы пилотты режимде енгізіле бастады. Жоба Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жүзеге асырылып, артериалды гипертензия, қант диабетіне шалдыққан, созылмалы жүрек мүкісі бар 1200 науқасты қамтыды.
“Жоба мақсаты – клиникалық тәжірибенің озық үлгілерін пайдалану және науқастың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру арқылы оның жағдайын жақсартып, өмір сапасын арттыру”, - делінген хабарламада.
Бағдарлама пациенттерге медициналық қызметкерлермен бірлесе отырып, өзінің халін қадағалап, құрамына терапевт, профильді дәрігер, мейіргер, психолог, салауатты өмір салты жөніндегі маман кіретін мультидисциплинарлық команда мүшелерімен ұдайы түрде жіті қарым-қатынас орнату арқылы аурудың меңдеуінің алдын-алуға мүмкіндік береді. Пациенттер Денсаулық мектебіне барып, өзіне-өзі көмек көрсетуге, денсаулығына зиян факторларды бақылауға машықтанады. Олар денсаулық күнделігін жүргізіп отырады. Бұл өз кезегінде дәрігерге науқастың жағдайын жан-жақты бағалап, дұрыс ем беруге көмектеседі.
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы жүргізген зерттеулерге сүйенсек, бұл бағдарламаға қатысқан науқастардың хал-жағдайы айтарлықтай жақсарған. Олардың ішінде жүрегінің мүкісі бар науқастардың арасында денсаулығы күрт нашарлап, шұғыл түрде ауруханаға түскендердің саны 2 есеге азайған. Артериалды гипертензияға шалдыққандардың 75 пайызының қан қысымы қалпына түскен. Қант диабетіне шалдыққандардың 65 пайызының анализ көрсеткіштері реттелген.
Жоба барысында қол жеткізілген оң нәтижелер ескеріліп, ол 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасына енгізілді. Биыл ол еліміздің тағы бес аймағында, Астана қаласы, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында енгізіледі.Сонымен қатар, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл тәжірибені тарату жұмыстары жалғасады. Бағдарламаға қатысатын науқастардың жалпы саны 3200-ден асады.
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы өткізетін семинар барысында мамандар өз әріптестерінің тәжірибесімен танысып, оны аймақтарда енгізеді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады