• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО Зайсан ауданында 300 тонна бахтах және тұқы балықтарын өсіру жоспарланып отыр

ШҚО Зайсан ауданында 300 тонна бахтах және тұқы балықтарын өсіру жоспарланып отыр

6 Мамыр, 2016 09:31
Зайсан ауданының кәсіпкерлері балықты көбейтуден бастап, тауарлы өнім алуға дейінгі жұмыстарда технологияның меңгеріп, биыл бахтах және тұқы балықтарының өнімін 300 тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады аудан әкімі Алмас Оңдағанов аймақтық коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

«Біз үшін су шаруашылығын дамыту жаңалықтарымыздың бірі. Бүгінгі таңда кәсіпкерлер өзен алаңдары мен балық санын арттыруда. Бахтах балығымен айналысушылар күзде саудаға шығармақ. Жалпы көрсеткіштер жаман емес»,-деп атап өтті аудан басшысы.

ШҚО ақпарат орталығының хабарлауынша, 2015-ші жылы кәсіпкер 0,344 га 3 су алаңшаларын салып, 30 мың жас бахтах балығын жіберген. Биыл бұл кәсіпкер тағы аумағы 0,720 га болатын 12 су алаңшасын салмақ. Жоспарлағаны бойынша, жылына 300 тонна бахтах және 50 тонна бекіре балығын өндірмек.

Бұдан бөлек, «Дарын» шаруа қожалығы 17 га аумақтағы 9 су алаңшасында тұқы балықтарын өсіруде. Қазір олардың орта салмағы 1- 1,2 келіні құрайды. Шаруашылық аумағы 7 га болатын тағы 3 су алаңшасын салып жатыр. Жылына 300 тонна балық өндіру жоспарлауда.

Барлық жаңалықтар