- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық МОДО Женевада ақпараттық инфрақұрылымды қамтамасыз ету жағынан ең үздік жоба атанды
Қазақстандық МОДО Женевада ақпараттық инфрақұрылымды қамтамасыз ету жағынан ең үздік жоба атанды
Өз кезегінде, бұл жоба е-үкіметтің дамуына арналған инфрақұрылымдық платформа функциясын атқара отырып мемлекеттік органдардға хостинг, жабдықтарды орналастыру, инфрақұрылымды жалға беру, бағдарламалық қамтамасыз ету мен аппараттық-бағдарламалық кешендерге жүйелі-техникалық қызмет көрсету мақсатында арнайы дамытылғын жоба екенін естеріңізге салайық.
Инвестициялар мен даму министрлігінің вице-министрі, Сәкен Сәрсеновтың айтуы бойынша, деректер ортылығының үлкен артықшылығы есептеуіш және сақтау ресурстарының бір жерде шоғырлануының арқасындағы мемлекеттік органдардың қаржылық шығындарының оңтайландырылуы болып табылады. Сонымен қатар, деректер орталықтары, мемлекеттік органдарды жоғары технологиялардың үздіксіз әрі нітижелі жұмыс істеуін қамсыздандыру мәселесінен босатып, басты міндеттерін уақытында әрі тиянақты орындауға зор септігін тигізбек.
Басқарма төрағасының орынбасары, Виктор Чернооковтың мәліметіне сүйенсек, Қазақстанның 14 қаласында орналасқан әр деректер орталығы халықаралық сапа стандарттарына сәйкес салынып, жоғары деңгейдегі қауіпсіздік пен ақпараттың дәйекті және сенімді сақталуы мен өңделуін қамтамасыз етеді. Барлық деректер орталықтарының могиторингі Астанада орналасқан бас сервер орталығынан жүргізіледі.
Сондай-ақ, Форумның аясында, WSIS Project Prizes 2016 жеңімпаз жобаларының көрмесі өткізілмек. ҚР Инвестиция және даму министрлігі, «Зерде» холдингі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясынан тұратын Қазақстандық делегация «Ашық деректер», «Бірыңғай байланыс орталығы», «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» мен «Ақпараттандыру туралы» заңдары секілді басқа да қатысушы-жобаларды қауымға таныстырып оның тәжірибесімен бөліспек.
Ақпараттық қоғам мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі бүкіләлемдік кездесу форумы 2016 Женевада 2-6 мамыр аралығында өтіп жатыр.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді