АЭФ шеңберінде бәсекелестік мәселелерін талқылау жоспарлануда

5 Мамыр, 2016 17:23
Астана экономикалық форумы Еуразиялық кеңістіктегі жыл сайын өтетін тарихи оқиға болып табылады. Жыл сайын Қазақстан Республикасының астанасында әлемдік экономикалық қоғамдастықтың өкілдері, қазіргі және бұрынғы мемлекет басшылары, Нобель сыйлығынын лауреаттары, ғылыми әлемнің органдары мен бизнесмендер жиналады.

Ұйымдастырушылар хабарлағандай, биылғы жылы мамыр айының 25-26 күні өтетін IX АЭФ басты тақырыбы “Жаңа экономикалық шынайлық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы” болып табылады.

Сондай-ақ  IX АЭФ шеңберінде 25 мамыр 2016 жылы бәсекелестік мәселері бойынша кеңес өтеді.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспарында монополияға қарсы қызметтің жұмыс тұжырымдамасын өзгерту және ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру (53-қадам) көзделген.

53-қадамды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын үздік халықаралық тәжірибеге және халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

2015 жылғы 29 - 30 қазанда Париж қаласында ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі жаһандық форумының отырысы өтті, оның сессияларының бірі Қазақстан Республикасының бәсекелестік құқық саласындағы заңнамасын және саясатын сараптамалық шолуға арналды. 

Сондай-ақ осы жылы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы реттеуге 25 жыл, мұны атап өту маңызды оқиға болып табылатыны сөзсіз.

Іс-шара Астана экономикалық форумының негізгі күніне, 2016 жылғы 25 мамырға жоспарланып отыр.

Сессия бағдарламасында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары                   Б. Сағынтаевтың, ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі комитетінің төрағасы Фредерик Женнидің және әлемнің жетекші монополияға қарсы органдары өкілдерінің сөз сөйлеуі жоспарланған. Сессияға қатысушылар ЭЫДҰ-ның стандарттарына және үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістермен танысады.

Бұл сессияның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы экономикалық саясатын дамытудағы монополияға қарсы реттеу мен бәсекелестікті қорғаудың рөлін және оны одан әрі дамыту перспективасын көрсету.

 

Барлық жаңалықтар