- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы ҚР-ның Ұлттық Банкі төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы ҚР-ның Ұлттық Банкі төрағасын қабылдады
«Қ.Келімбетов Ұлттық Банк қызметі, сондай-ақ елдің банк секторының қазіргі ахуалы мен одан әрі даму перспективалары туралы баяндады», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы әлемдік қаржы нарығындағы жағдайға байланысты туындап отыратын қатерлерге талдау жасау, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен валюта нарығындағы жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Ұлттық Банк төрағасы ақша-несие саясатының негізгі өлшемдері болжамды шегінде сақталып отырғандығынан хабардар етті. Ол қаржы нарығында немесе оның жекелеген сегменттерінде қатерлер туындаған жағдайда Ұлттық Банк қолданылып отырған әдістерге икемді түзетулер жасауға ниетті екенін жеткізді.
Сондай-ақ, кездесу барысында Қ.Келімбетов 2013 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 4,9 % деңгейінде қалыптасқанын мәлімдеді. Жыл басынан бері елдің халықаралық резервтері Ұлттық қор активтерін қосқанда 7,3%-ға жетіп, 92,4 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды.
Бұған қоса, Ұлттық Банк төрағасы Мемлекет басшысының зейнетақы активтерін Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорына беру жөніндегі тапсырмасының іске асырылуы туралы айтты. Бұл жұмыстың 2014 жылғы 1 сәуірге дейін аяқталатыны атап өтілді.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаржы жүйесін тұрақтандыру және экономиканың даму қарқынын сақтауды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы