Ақтөбе облысында 16,3 миллиард теңгенің мүлкі жария етілді - әкімдік

5 Мамыр, 2016 20:13
Ақтөбе облысында 16,3 миллиард теңгенің мүлкі жария етілді.Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің жетекшісі Талғат Мамаев хабарлады.

Жария ету ауқымды акциясы басталғалы Ақтөбе облысында жалпы сомасы 16,3 миллиард теңге болатын 6995 жылжымайтын мүлік заңдастырылды. Азаматтар жеке жылжымайтын мүлікпен қатар, қойма, шағын бизнес субъектілерінің кеңселері, дүкендер секілді коммерциялық нысандарды да заңдастырды.

“Өз кезегінде, бүгінгі таңда Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан аумағынан тыс жерлердегі мүліктер бойынша декларациялар тапсырылмады”, - деп атап өтті Талгат Мамаев.

Сонымен бірге, 2016 жылдың 1 мамырына дейін заңдастыру бойынша сомасы 9,8 миллиард теңгеден асатын 14 декларация келіп түсті. 13 декларация бойынша 7,5 миллиард теңге заңдастырылды.

Мүлік пен капиталды жария ету бойынша акция Қазақстанда 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталды. Бастапқыда шара 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталуы тиіс деп жоспарланған болатын, алайда 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылды.

Барлық жаңалықтар