- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысының әкімі мен Францияның Елшісі инвестиция саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Жамбыл облысының әкімі мен Францияның Елшісі инвестиция саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Кездесу барысында Жамбыл облысының инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды. Өңірдегі "жасыл экономика" бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, химия өнеркәсібін жандандыру, туризмді дамыту жайында әңгіме қозғалды.
“Жамбыл облысы "жасыл экномика" бойынша алдыңғы қатарда тұрған өңірлердің бірі. Күн, жел, су электр станциялары жұмыс істейді. 2020 жылға дейін баламалы қуат көздерінен өндірілген энергия облыс сұранысының 30-40 пайызын қамтиды деп күтілуде. Бұл жоғары көрсеткіш. Біз болашақта Франция мемлекетімен де бауырластық арқылы жұмыс істеуге әзірміз. Қазірдің өзінде Ресей, Қытай, Беларусь елдерінің бірқатар облыстарымен тығыз қарым -қатынас орнаттық. Бірлескен жобаларымыз бар”,-деді облыс әкімі өз сөзінде.
Мұнан соң қос тарап 2010 жылы Индустриаландыру картасына еніп, Мойынқұм ауданында іске қосылған цемент зауытының бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталды. Кәсіпорын үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында 1,7 млрд. теңгенің өнімін өндірген.
“Жұмыс сапары барысында сіздердің өңірде іске асырылып жатқан жобалармен таныстық. Біз өте қуаныштымыз. Әсіресе мамандардың кәсібилігіне ризамыз. Болашақта сіздерге шағын және орта бизнес саласында өз жобаларымызды ұсынып, табысты жұмыс істеймі”з, - деді Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Етьен.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді