- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев пен Польша Сенатының төрағасы инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты талқылады
Н.Назарбаев пен Польша Сенатының төрағасы инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты талқылады
Кездесу барысында Қазақстан мен Польшаның экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастығы, сондай-ақ парламентаралық өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы екі ел арасында тәуелсіздік жағдайындағы жақсы қарым-қатынас орныққанын атап өтті.
«Біз Польшада атқарылып жатқан істерге зор құрметпен қараймыз. Сіздің ел Еуропадағы даму қарқыны жөнінен көшбасшы елдің бірі болып саналады. Біз Варшавамен жақын саяси қарым-қатынаста болғымыз келеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті былтыр қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының 70-ші сессиясы аясында поляк көшбасшысы А.Дудамен кездескенін еске алды. Сол кездесу барысында Польша Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты сапармен келуге шақырған болатын.
«Бұл біздің жақсы достық қарым-қатынастымызды одан әрі тереңдете түсудің жаңа мүмкіндігіне айналады деп үміттенемін», – деді Қазақстан Президенті.
Өз кезегінде С.Карчевский екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Польша басшылығы Қазақстан Президентінің Варшаваға сапарын күтіп отырғанын атап өтті.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар