Н.Ибраев: Тек күтіп ұстаған жер ғана тұрақты түрде мол өнім береді

5 Мамыр, 2016 13:02
2015-ші жылдың қарашасында Мемлекет басшысы осы жылдың 1-ші шілдесінде күшіне енетін «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» осы Заңға қол қойған болатын. Енгізілген өзгерістегі басты жаңалық жерді адамша игеріп, жұмыс істеп жатқан қазақстандық шаруалар оны өз жеке меншіктеріне сатып ала алады. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне эксклюзивті сұхбат берген «Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестіктің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, Орталық кеңес мүшесі Нияз Ибраев айтты.

- Нияз Бастемиұлы, көктемгі егіс науқаны жүріп жатқан кезеңде аграрлық секторға қатысты мәселелер жиі көтеріледі. Түрлі деңгейдегі сарапшылар ауыл шаруашылығына арналған жерлердің тиімді пайдаланылмайтынын айтып жатады. Сіз қалай ойлайсы, бұл немен байланысты?

- Өткен тарихқа да көз жүгіртейік. Кеңес заманында егін салатын жерлерде үнемі жұмыс жүргізілетін. Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жақсылап өңдеп отыратын. Кейіннен жеке кәсіпкерлер келді. Өкінішке қарай, олардың көпшілігі жерді күтіп ұстаған жоқ. Олар тек жерден өнім алуды және оны сатып, пайда көруді ғана ойлады. Осылайша, жермен айналысқандардың басым көпшілігі адал ниетпен қарамады, яғни, топырақтың құнарлылығын қалыпқа келтіріп отырмады. Сондықтан, соңғы жылдары жерді тиімді пайдалану мәселесі қолға алынған жоқ. Баршаға белгілі, бүгінде қаншама тастап кеткен участоктар бар. Олардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығына арналған жерлер. Бұл участоктар соңғы уақыттарда мүлде пайдаланылмай шөп басып жатыр.

- Өткен жылы биыл бірінші шілдеде күшіне енетін ҚР Жер кодексіне толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Біздің Республикада жер қатынасына енгізілген жаңалықтың басты қорытындысы қалай болады, деп ойлайсыз?

- Заң жобасы мәселені толық қарап, елеп-екшегеннен кейін өндіріске алынып, Парламент мақұлдады. 2015-ші жылдың қарашасында Мемлекет басшысы осы жылдың 1-ші шілдесінде күшіне енетін «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» осы Заңға қол қойған болатын. Енгізілген өзгерістегі басты жаңалық жерді адамша игеріп, жұмыс істеп жатқан қазақстандық шаруалар оны өз жеке меншіктеріне сатып ала алады. Бұрын олар тек 49 жылға жалға алатын. Жерді 49 жылға жалға беру нормасы осыдан 13 жыл бұрын Жер кодексін қабылдаған кезде енгізілген болатын. 2016-шы жылдың 1-ші шілдесінен бастап барлық жалдық келісімдер күшін сақтап, оған ешкім тисе алмайтын болады. Енді бұрынғы жерді жалға алушылар үшін оны жеңілдік жағдайда сатып алуға мүмкіндік туады. Бұл үшін әкімдікке өтініш жазулары керек. Ол жерде тікелей сату келісімі жасалады, яғни, ешқандай бәссаудасыз жалға алушы жер иесі болып шыға келелді.

-Жер кодексіне енгізілген өзгерісті фермерлер қалай қабылдады?

- Әрине, дұрыс қабылдады. Жермен айналысатын азаматтар Жер кодексінің жаңа нұсқасын оң шешім деп есептейді. Республикада жалға берілген ауыл шаруашылығына арналған жерлердің жалпы ауданы 99,5 млн. гектарды құрайды. Бар-жоғы 1,3 млн. гектар ғана жеке меншік иелігінде. Өкінішке қарай, қысқа уақыттың ішінде барынша пайда көріп қалуды ғана ойлап, не болса соны егіп, бірнеше жылдан кейін иен тастап кеткен небір нашар фермерлер болды. Тиімсіз пайдаланылған ауыл шаруашылық жерлерінің жағдайы нашарлай береді. Сосын барып шектеу қойылған гербицид пен пестицид себеді немесе пайдаланбай, күтпей тастап кете барады. Бүгінгі таңда әкімдіктерде жерді тиімді пайдалану мәселесін бақылайтын арнайы жер инспекциясы жұмыс істейді. Оның басты міндеті – жердің тиімді әрі дұрыс пайдалануын қадағалайды. Заң бұзушылықтар анықталатын болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады немесе жерді дұрыс пайдаланбағаны үшін мемлекетке қайтарып алуға дейін барады. Дгенмен, көптеген шаруалар адал еңбек етеді, жерді дұрыс пайдаланады. Қалай дегенмен де жерді күтіп ұсау үшін белгілі деңгейде қаржы салуға да тура келеді. Жерді сатып алуға келгенде кейбір азаматтар қаржы жетпейді деп қорықты. Мысалы счолтүстік аймақта жердің кадастрлық бағасы орташа есеппен 1 гектары 58 мың теңге. Яғни, 1000 гектарыңыз шамамен 60 млн. теңге болады. Әрине, бұл қаржыны бірден төлеу керек болса шаруалар үшін ауырлық етеді. Тағы қайталап айтайын, жерді 10 жылға бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. Бұл шын жұмыс істеймін деген шаруалар үшін ұлкен жеңілдік және мүмкіндік деп ойлаймын.

- Енді шетелдіктерге жерді жалға беруді 10 жылдан 25 жылға дейін созуға қатысты айтсаңыз. Бұл нені меңзейді?

- Міне, бірден астын сызып тұрып айтатын мәселе, шетелдіктерге жер сатылған жоқ және ешқашан сатылмайды да.  Олардың жалға алуларына болады ғой. Заңда жерді тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана сатып ала алады, деп нақты айтылған. Онда әрбір ұсақ мәселелердің бәрі қарастырылып, нақты тетік құрылған. Бірде-бір шетелдік заңды айналып өтіп, тіпті кішкентай жер учаскесін де сатып ала алмайды. Жалдың мерзімін инвестиция тарту үшін ұзартты. Бірақ, шетелдік компаниялар жердің қожасы бола алмайды, тек жалға алушылар болып қала береді.

Фото www.kazakh-zerno.kz

Барлық жаңалықтар