- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев: Қазақстан үшін Польшамен ынтымақтастықты одан әрі дамыту тиімді
Қ.Тоқаев: Қазақстан үшін Польшамен ынтымақтастықты одан әрі дамыту тиімді
Төрағалар Қазақстан мен Польшаның ынтымақтастығының жайын талқылады, сондай-ақ маңызды халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Қ.Тоқаев пен С.Карчевский парламентаралық үнқатысуды және екі ел парламенттерінің жоғарғы палаталарының өзара іс-қимылын жалғастыру туралы уағдаласты. Жүздесушілер сондай-ақ Қазақстан мен Польшаның аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көзқарастарының ұқсастығын атап өтті.
Қ.Тоқаев кездесу соңында: «Польша Шығыс Еуропадағы ең дамыған елдердің бірі, бұл мемлекеттің әлеуеті өте жоғары, сондықтан Қазақстан үшін бұл елмен ынтымақтастықты одан әрі дамыту тиімді. Елбасы бұл мемлекетпен екіжақты қарым-қатынасты тереңдету үшін көп еңбек етті. Ал, қазір біз осы саладағы жұмысты жалғастырып отырмыз», - деді. С.Карчевский өз кезегінде Польша Қазақстанды стратегиялық әріптес ретінде қарастыратынын және саяси, экономика, сауда және инвестиция салаларындағы өзара іс-қимылды ілгерілетуге ниетті екенін жеткізді. Сенат Маршалы Польшада Президент Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесін жоғары бағалайтынын атап өтті.
«Біз Президенттің Манифесте айтқан пікірін толықтай қолдаймыз. Тек бейбітшілікті нығайту мен қарусыздану ғана әлемдегі қатынастарға оң әсер ете алады», деді С.Карчевский. Польша Сенаты Төрағасының сапар бағдарламасында Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен, Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовпен, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановпен кездесу, сонымен қатар Жамбыл, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын аралау көзделген. С.Карчевскиймен бірге Польша сенаторлары, Сейм депутаттары, министрліктер мен мекемелердің жоғары лауазымды адамдары, сондай-ақ журналистерден тұратын делегация жүреді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады