- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрлігі Қызыл Крест Өңірлік өкілдігімен меморандум бекітті (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрлігі Қызыл Крест Өңірлік өкілдігімен меморандум бекітті (ФОТО)
Қол қойылған меморандум аясында қарулы қақтығыстар мен басқа да жағдайлар барысында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтауды қамтамасыз етуге өзара септігін тигізеді. Бұдан өзге, ХҚКК өңірлік өкілеттілігінің қызметкерлері ҚР ҚК әскери қызметшілеріне арнап халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының негіздері жөнінде оқу-жаттығу курстарын, семинарлар мен тренингтер өткізетін болады.
«Ынтымақтастықта болған жылдардан бері ҚР ҚК әскери қызметшілері арасында халықаралық гуманитарлық құқық және жоғары әскери оқу орындарында Соғыс құқығын оқыту бойынша білімдерін кеңейту ұйымдастырылды. Бірінші кезекте бітімгершілік бөлімшелері мен ҚР ҚК әскери-оқу орындары үшін қарулы қақтығыстар құқығы бойынша нұсқаушылар дайындады», - деді ҚР ҚМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Әділ Беков.
Бұдан өзге, қазір бітімгершілік батальонына қарулы қақтығыстар құқығы оқытылады, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде «Жауынгердің ұрыстағы мінез-құлық кодексі» шығарылды. Әскери ауқымдағы ынтымақтастықтың маңыздылығы Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің «Мызғымас бауырластық» оқу-жаттығуына қатысуы, сондай-ақ «Өзара іс-қимыл» оқу-жаттығуына бақылаушы ретінде қатысуы болып табылады. Сонымен қатар ынтымақтастық «Бейбітшілік үшін серіктестік» (ҚАЗО) оқу-жаттығу орталығымен өзара іс-қимыл аясында табысты дамып келеді.
Қазақстандық бітімгершілік контингентіне бағытталған даярлықта «Қарулы қақтығыстар құқығы» және «Халықты қорғау» курстарын пысықтауға қолдау көрсетуде ерекше маңызды. 2015 жылы ҚР ҚК әскери қызметшілерінің қатысуымен 6 іс-шара жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн. Ал биылғы жылға 8 іс-шара жоспарланған. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Орталық Азия ХҚКК Өңірлік Өкілеттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум халықаралық гуманитарлық құқық ауқымындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға, сонымен қатар оның нормаларын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне енгізуді жалғастыруға және оны әрі қолдануға оң әсерін тигізеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
ДСМ: Қазақстан қызыл аймаққа еніп, шектеу шаралары күшейтілді -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит