• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Қазақстан мен Грузияның құқықтық саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Астанада Қазақстан мен Грузияның құқықтық саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

5 Мамыр, 2016 13:46
Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Г. Демеуовтің Грузияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Уәкілетті Өкілі З.Р. Патардземен кездесуі өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар өзара қызығушылық тудыратын қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша, оның ішінде құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері бойынша қазақстандық-грузиндік ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы туралы пікірлермен алмасты.  

Кездесу барысында грузин азаматтарының Қазақстанға келу, сондай-ақ кадрларды оқыту саласында ішкі істер органдарының өзара іс-қимыл жасасу мәселелері талқыланды.

Кездесу өзара түсіністік пен нақты диалог жағдайында өтті.

Барлық жаңалықтар