- Басты
- Жаңалықтар
- Достық станциясында теміржолшыларға 10 жаңа үй салынды - ҚТЖ
Достық станциясында теміржолшыларға 10 жаңа үй салынды - ҚТЖ
Жаңа пәтерлерге станция, жол дистанциясы, белгі беру және байланыс, электрмен қамту дистанциялары мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның басқа да құрылымдық бөлімшелерінің еңбеккерлері қамтылған.
Алматы жол бөлімшесінен пәтер бөлуге арнайы комиссия құрылып, олар алдымен темір жол саласында ұзақ жылдары еңбек еткендер мен көп балалы отбастарына басымдық берді.
«Достық станциясы жыл санап қарқынды дамып келеді. Мұнда жас мамандар көптеп келуде. Ағымдағы жағдайға қарамастан, компания өз қызметкерлерінің жайлылығы үшін барлық жағдайларды қарастыруда», деді Алматы жол бөлімшесінің директоры Съезбек Алишев.
Айта кету керек, Достық станциясында пойыздарды қабылдау мен жөнелтудің кешенді үдерісі, оның ішінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы келген жүк және жолаушылар пойыздарының вагондарындағы жүктерді түсіру, тиеу, жолтабандарын ауыстыру, жаңа жылжымалы құрамдарды жасақтау және одан әрі басқа да көршілес елдерге жіберу қызметтерін де атқарады.
Достық станциясы Қазақстан мен Қытай мемлекеттік шекарасындағы теміржол бекеті болып саналады. Станцияда тұратын ондаған мың тұрғындардың негізгі бөлігін теміржолшылар құрайды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті