Жер мемлекетке табыс әкелуі керек – Ақтөбе облысының кәсіпкері

5 Мамыр, 2016 11:53
Жер – бұл капитал, ел экономикасының бөлігі. Ол халықтықты қамтып, мемлекетке кіріс әкелуі керек, сондықтан ол барынша рационалды түрде қолданылуы керек, деді «Актеп» ЖШС директоры Нұрлан Сағналин.

«Жер кодексіне енген жаңашылдықтарды айтатын болсақ, бұл жалға беру уақытының ұлғаюы, ауыл шаруашылығы секторына шетелдік инвесторлардың қатысуы. Бұл орайда қауіп төніп тұрған жоқ. Азаматтарға енген жаңашылдықтарды түсіндіру керек», - деді Н.Сағналин.

Ол атап өткендей, «жер – біздің капитал, ел экономикасының бөлігі».

«Жер – бұл капитал, ел экономикасының бөлігі. Ол халықтықты қамтып, мемлекетке кіріс әкелуі керек, сондықтан ол  барынша рационалды түрде қолданылуы керек. Қазір көптеген алаңдар қолданылмай жатыр. Ал ауыл шаруашылығы саласына инвестор келмеді. Әр түрлі өңірлердегі жағдайлар бізді құтқармайды. Ал нарықтағы қажеттілік өсуде, сондықтан тауар өндірушілерді белсенді қатысуға шақыру қажет», - деді ол.

Оның айтуынша, жерді жалға  беру – шаруашылық қарым-қатынастың ең тараған түрі болып табылады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар