- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы-1-Шу екінші теміржол телімінде көпірлер салына бастады
Алматы-1-Шу екінші теміржол телімінде көпірлер салына бастады
Алматы-1-Шу екінші темір жол телімінің құрылыс жобасын «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ атқаруда.
Қазіргі таңда басқа да Қопа, Ұзынқарғалы, Қаскелең, Жынкелді, Казачка, Ақсай өзендерінің үстіне көпір орнату жұмыстары басталып кетті. Төрт көпірдегі 76 қазықтың орнын қазып, бетондау жұмыстары орындалды. Отар-Шилібастау телімінде су өткізу құбырының темірбетон қаусырмасы құрастырылды. Көпірлердің құрылыс орнына 2145,8 текше метр темір бетон құбырлары, 24 дана көпірдің темірбетон аралық құрылыс материалдары дайындалып, 15 су өткізу құбырлары жөнделді.
Құрылыс жұмыстары пойыздардың қозғалысына қарамастан, пайдаланымдағы көпірлер мен жұмыс істеп тұрған телімнің іргесіндегі екінші жолда жасалуда. Барлық желі бойында 90 жасанды имарат тұрғызылатын болады.
Атап өтуге тұрарлығы, тағы да қолданыстағы 12 көпірге жаңа технология бойынша жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұл құрылыс жұмысының құнын төмендетіп, орындалу мерзімін 30 пайызға қысқартады.
Екінші темір жол желісінде Алматы облысының Қарасай ауданы аумағында кешенді автокөлік көпірін орнату жоспарланып отыр.
Құрылысшылар 110 шақырымдық магистральдық жол төсейді.
Қазіргі таңда құрылыс жұмысына 46 дана техника мен 94 жұмысшы тартылған. Науқан қызған кезде жұмысшылар саны да артатын болады. Жобаны жүзеге асыру кезінде 1500 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ -
COVID-19: Созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина қалай салынады -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
Қазақстан мектептері аралас форматта оқуды бастады -
Елордада мұғалімдер мен полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина ала бастады -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады -
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі -
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін" -
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады -
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі -
Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады