Алматыда МЖӘ аясында 190 млрд теңгенің 30 жобасы жүзеге асырылуда - әкімдік

5 Мамыр, 2016 19:13
Қазіргі таңда Алматыда МЖӘ аясында 190 млрд теңгенің 30 жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлады әкімдік.

Қала әкімінің бұйрығымен мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Аталмыш топтың құрамына «Атамекен» Кәсіпкерлер палтасының өңірлік басшылығы, «Алматы»  «ӘКК» ҰК» АҚ, «Алматыны дамыту орталығы» АҚ мен Алматы әкімдігінің құрылымдық бөлімдері бар.

Бүгінгі таңда жұмыс тобының екі отырысы өткізілді. Онда МЖӘ-нің 79 жобасы қаралды. Білім, денсаулық сақтау, көлік, мәдениет, спорт, табиғи байлықтарды қолдану, энергетика, тұрғын үй шаруашылығы салаларында жүзеге асырылды.

МЖӘ аясында 2400 орындық 11 балабақша салынады. Оның инвестициясы 7 млрд теңгеге тең. Сондай-ақ, мемлекеттік жеке меншік серіктестігінің тізіміне жедел жәрдем станциясының құрылысы жобалары, емханалар, консультативтік-диагностикалық орталықтар, балалар оңалту орталықтары енеді.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар