• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандықтар жерді жеке меншікке ала отырып, оның құнарлығына қамқорлық жасай алады - «Шалабай» ЖШС директоры

Қазақстандықтар жерді жеке меншікке ала отырып, оның құнарлығына қамқорлық жасай алады - «Шалабай» ЖШС директоры

5 Мамыр, 2016 10:14
Жерді өзінің жеке меншігіне ала отырып, қазақстандықтар оның құнарлығына қамқорлық жасай алады, деп «Шалабай» ЖШС директоры Қуаныш Сүлейменов айтып өтті.

«Мен ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап ауыл шаруашылығы субъектілерінің жер учаскесін жеке меншікке алу туралы заңын қолдаймын. Қазіргі күні азаматтар жерде белсенді жұмыс жасауда, алайда, өкінішке орай, жердің көбісі жойылуда, ал егер адамдар оны өз меншігіне алатын болса, онда жерге деген қарым-қатынас басқаша болады»,-деді Қ. Сүлейменов.

Директордың айтуы бойынша, инвесторлар  жер қорларын шығарып қана тастамай, оған түрлі минералды шикізаттарды енгізіп, жер құнарлығын байытулары керек.

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның соңғы сессиясында айтып өткеніндей, «егер адамдар өз бақшасын қалай жақсы күтсе, онда үлкен жерге де бар күшін салатын болады». Осыған орай, жердің жеке меншікте болғаны дұрыс»,-деп толықтырды сөзін Қ.Сүлейменов.  

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар