- Басты
- Жаңалықтар
- Петропавлда оңалту орталығы ашылды
Петропавлда оңалту орталығы ашылды
Орталыққа барған СҚО әкiмi Ерiк Сұлтанов кабинеттердi аралап, материалды-техникалық базамен танысты. Осы мекемеге балаларын әкелетiн ата-аналармен әңгiмелестi.
«Бұнда балалар медициналық, психологиялық-медициналық көмек алады. Балаларды тәрбиелеуде мемлекет тарапынан ерекше көңiл бөлiнедi. Орталық ерекше күтiм мен әдiстеменi қажет ететiн балалар мен олардың ата-аналарына жақсы көмек көрсететiнiне сенiмдiмiн», — дедi Ерiк Хамзаұлы.
2015 жылы облыс әкiмiнiң жеке қабылдауына балалардың ата-аналары келген едi. Олар балалармен бiлiктi мамандар жұмыс iстейтiн орталық ашу туралы көмек сұраған.
«Бiз облыс басшылығына бiздiң мәселесiмiздi шешуде қолдау көрсеткенi үшiн алғысымызды бiлдiремiз. Оңалту орталығының ашылуы — бiз қуанышты оқиға. Алдағы уақытта бiздiң балаларымызға барлық мамандардың қолдауы көрсетiледi», — дедi 3 жасар Владиславтың анасы Елена Чмель.
Орталықта ой-өрiсiнiң дамуында ауытқушылықтары бар балаларға мамандандырылған және мұнда кешендi психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсетiледi, бүлдiршiндерге тәрбие мен бiлiм беру бойынша кеңестер берiледi. Балалармен логопед-мұғалiмдер, педагог-психолог, сурдопедагог, әлеуметтiк қызметкер, олигофренопедагог, тифлопедагог, дәрiгер-невропатолог, дәрiгер-психиатр, дәрiгер- сурдолог жұмыс iстейдi.
Жалпы Солтүстiк Қазақстан облысында 13 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетi жұмыс iстейдi, оның iшiндегi Тимирязев және Тайынша ауданындағы орталықтар үстiмiздегi жылы ашылған.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты