2016 жылы Алматы облысында МЖӘ аясында 75 балабақша салу жоспарлануда

5 Мамыр, 2016 19:28
2016 жылы Алматы облысында МЖӘ аясында 75 балабақша салу жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімдігі.

« Барлық бағыттағы жұмыстарды жылдамдату керек. Жан-жақты жоғары нәтижеге қол жеткізуге барлық мүмкіндіктеріміз бар. Ең бастысы Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы әрі тиімді орындауымыз қажет. Қазіргі кезде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтау мен өңдеу мәселесін шешуге күш салуға тиіспіз. Бұл істі Талдықорғаннан бастау керек. Газдандыру да өте ыждаһаттылықты талап етеді. Сонымен қатар тариф мәселесін шешу де күн тәртібінде тұр. Әлеуметтік мәселе де тұрақты назарда болуы тиіс. Алда мектеп емтихандары, жазғы демалыс. ҰБТ-ны өткізу, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру басым бағыттың бірі болуы керек», - деді А. Баталов.

Сонымен қатар инвестиция тарту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту ісін жалғастыру туралы тапсырма берді. Мәселен, биылғы жылы облыста 84 балабақша салу жоспарланса, соның 75-і – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылмақшы. Сөйтіп, Алматы облысындағы мектепке дейінгі мекмелермен қамту деңгейі 87 %-ке жететін болады.

 

 

Барлық жаңалықтар