Алматы облысында 6350 га қант қызылшасы отырғызылды

5 Мамыр, 2016 11:18
Алматы облысында 6350 га қант қызылшасы отырғызылды, деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Бекішов өңірдің 2016 жылғы І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары отырысында.

Сөз алған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Бекішовтің хабарламасы көктемгі егіс науқанының барысы, дақылдар егу, ет және сүт өндірісі саласының дамуы, қант қызылшасын өсіруді ұлғайту мәселелері жөнінде болды.

Оның айтуынша, қазіргі кезде 6350 га қант қызылшасы себілген, егістік жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар С. Бекішов Ақсу қант зауытын қалпына келтіру жұмыстарының белсенді атқарылып жатқанын айтты.

Құрылыс жұмыстары мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Т. Бектасов биылғы жылға және келесі жылға ауысатын барлық құрылыс нысандары жайлы баяндады.

Барлық жаңалықтар