- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрі ТМД елдерінің Қорғаныс министрлерімен әскери-техникалық ынтымақтастықты талқылады
ҚР Қорғаныс министрі ТМД елдерінің Қорғаныс министрлерімен әскери-техникалық ынтымақтастықты талқылады
«Достастық елдері қорғаныс ведомстволарының басшылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Бірлескен жұмыстар барысында министрлер ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің 2013 жылғы қызметінің қорытындысын шығарып, келесі жылға жоспарланған ынтымақтастық шараларының негізгі бағыттарын айқындады. Отырыста ТМД-ға мүше елдердің әуе шабуылына қарсы біріккен қорғаныс жүйесінің 2014 жылға арналған бірлескен іс-шаралары талқыланып, Достастық мемлекеттері әскерлерінің мүддесі үшін жедел геокеңістік ақпаратын алмасудағы ынтымақтастықты қарастырды. Сонымен қатар, әскери-техникалық және әскери білім саласындағы көптарапты ынтымақтастық бағыты талқыланды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, отырыста жедел және жауынгерлік даярлық іс-шараларын тәжірибе түрінде іске асыру, террорға қарсы іс-қимыл саласына мамандар дайындауды ұйымдастыру және олардың біліктіліктерін арттыру мәселелері көтерілді. Әскери білім саласындағы ынтымақтастық шеңберінде Ресей тарапы Достастық елдерінің жоғары әскери оқу орындары арасында Олимпиада өткізу туралы ұсыныс жасады.
Мәскеудегі отырыс шеңберінде Әділбек Жақсыбеков Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Украинаның Қорғаныс министрлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Келіссөздер кезінде қорғаныс ведомстоларының басшылары әскери және әскери-техникалық өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен оны дамытудың келешегін талқылады. Әділбек Жақсыбеков мемлекет басшылары арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар қорғаныс саласындағы ынтымақтастыққа жаңаша тыныс беріп, өзара
іс-қимылды тиімді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Украина әскери ведомстволарымен ынтымақтастығының нормативтік негіздерін қамтамасыз ету үшін 2014 жылға екіжақты ынтымақтастық жоспарларына қол қойылды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары