- Басты
- Жаңалықтар
- А.Квасьневский: «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі қауіпсіз әлем жағдайына жету үшін маңызды мазмұндама болып есептеледі
А.Квасьневский: «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі қауіпсіз әлем жағдайына жету үшін маңызды мазмұндама болып есептеледі
««Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі қауіпсіз әлем жағдайына жету үшін Қазақстанның елордасы, Астанадан көрініп тұрғандай маңызды мазмұндама болып есептеледі. Бұл соңғы ширек ғасырда таң қаларлықтай түбегейлі жаңарған және бүгінгі таңда Орталық Азиядағы тұрақтылығымен танылып отырған посткеңестік ел. Сонымен қатар, жауапкершілігі мол халықаралық істе өте сенімді серіктес ретінде өз ұстанымы бар ел. Қазақөстан Қытай мен Ресейдің ортасында орналасса да жаһандық қауіпсіздік мәселесінде өте қырағы бақылаушы болып табылады. Орталық Азия өзінің географиялық және мәдени жақындастығы бар, сонымен қатар, Таяу Шығыстағы асмметриялық қауіпке жақын. Бұл бірінші кезекте радикалды ислам мен жаңа халықаралық терроризмнің масштабқа таралуы, Таяу Шығыстағы ИГИЛ-ң белсендігінің артуына да байланысты»,-деп атап өтті А. Квасьневский.
Сонымен қатар оның сөзінше, жаһандық құжат соғыс пен жанжалдарға әкелетін себептерді болдырмаудың жолын нақты көрсетеді. Кез-келген жағдайдың бейбіт жолмен шешілуіне әкеп тірейді. Мысалы, экономикалық саладағы ынтымақтастықты кеңейту.
««Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі соғысқа себеп болатын дүниелерді шектеуге және халықаралық сауда, қаржы және даму салаларында жаһандық бәсекелестіктегі жанжалдарды әділеттіліктің жәрдемімен шешуде ықпалы зор. Мұндай қадам ұзақмерзімді шешімге әкеледі. Қазақстан өзінің географиялық орналасуымен, ресурстарымен және әлеуетімен осы мақсатқа жетуге елеулі үлес қоса алады»,-деді Польшаның экс-президенті.
Фото file.liga.net
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады