- Басты
- Жаңалықтар
- Тұрақтылық пен келісім кез келген уақытта маңызды - мәжілісмен
Тұрақтылық пен келісім кез келген уақытта маңызды - мәжілісмен
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын түсіндіру мақсатында Ақтөбеге ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Сауытбек Әбдірахманов, Сергей Симонов, Дания Еспаева, Мұхтар Ерман, Асылбек Смағұлов, Құралай Қаракен, сонымен бірге «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты департаментінің директоры Жігер Қалиев келді, деп хабарлады “Ақтөбе ақпарат” орталығы.
Сапардың негізгі мақсаты «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын түсіндіріп, насихаттау. «Мәңгілік ел» патриоттық акті осы жылы сәуір айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясында қабылданған болатын. Құжатта Мәңгілік Елдің жеті негізі бекітілген, олар жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім, зайырлы мемлекет және жоғарғы руханият, инновациялар негізіндегі тұрақты экономикалық өсім, жалпы еңбек қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, ұлттық қауіпсіздік пен жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге Қазақстанның атсалысуы.
“2012 жылы Мемлекет президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан 2050» Стратегиясын айқындап, «Мәңгілік ел» патриоттық актін қабылдау жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл тапсырма Қазақстан халқы Ассамблеясының 24-ші сессиясында орындалды. Қазіргі қиын кезеңде, жаһандық тұрақсыздық кезеңінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасына бірігуге шақырамын. Тұрақтылық пен келісім кез келген уақытта, кез келген қоғамда маңызды дейміз, олар әсіресе қазіргі қиын шақта аса маңызды, - деп атап өтті «Ақтөбе ақпарат» орталығында журналистермен болған кездесуінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов.
Жұмыс сапары барысында халық қалаулылары тек облыс орталығының тұрғындары және түрлі ұйымдардың жұмысшыларымен кездесіп қана қоймай, облыс аудандарын да аралайтын болады. 5 мамыр күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ақтөбе облысының 7 ауданын аралайды, олар Хромтау, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Шалқар және Қобда аудандарында болады. Кездесу барысында ақтөбеліктер өздерінің ұсыныстарын жеткізіп, қызықтырған сауалдарын қоя алады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда