Жамбыл облысында бірнеше мал бордақылау алаңдары салынуда

5 Мамыр, 2016 08:41
Жамбыл облысында бірнеше мал бордақылау алаңдары салынуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған брифингте Жамбыл облысы, Байзақ ауданының әкімі Шүкеев Мұратхан Жүнісәліұлы мәлімдеді.

 «Батыс Европа-Батыс Қытай» автожолы бойынан шағын тауарлы сүт фермаларын және мал бордақылау алаңдарын салу жұмыстары да жүргізілуде.  «Асыл мұра қызмет» ЖШС жалпы құны 43 млн. теңге құрайтын 200 бас сауын сиырға арналған шағын тауарлы сүт фермасы, «Кеңесхан» ш/қ жалпы құны 43 млн.теңге құрайтын 100 бас сауын сиырға арналған тауарлы сүт фермасы, «Байдуанова Р.» ш/қ  жалпы құны 190 млн. теңге құрайтын 100 бас сауын сиырға арналған тауарлы сүт фермасын соғуда,«Байымбет баба» ш/қ110 бас сауын сиырға шағын тауарлы сүт фермасын соғып іске қосты»,-деді М.Шүкеев.

ЖК  «Асылбек»  жалпы құны 10 млн. теңге құрайтын 80 бас МІҚ малын бордақылау алаңы, «Байымбет баба» ш/қ жалпы құны 50 млн. теңге құрайтын  300 бас МІҚ, 50 бас жылқы, 700 қой бордақылау алаңы,  «Күлзипа» ш/қ жалпы құны 50 млн. теңге құрайтын 150 бас МІҚ, 100 бас жылқы, 500 бас қой бордақылау алаңы, «Дулат» ш/қ жалпы құны 40 млн. теңге құрайтын 500 бас МІҚ бордақылау алаңы, «Түзелбай» ш/қ жалпы құны 20 млн. теңге құрайтын 120 бас МІҚ, 70 бас жылқы және 200 бас қой бордақылау алаңы құрылыстарын өз қаражаттары есебінен салуда. 

Барлық жаңалықтар