- Басты
- Жаңалықтар
- Байзақ ауданында қызылша алқабын 2 мың гектарға дейін кеңейту жоспарлануда
Байзақ ауданында қызылша алқабын 2 мың гектарға дейін кеңейту жоспарлануда
Мұратхан Шүкеевтің сөзіне сенсек, 2015 жылы аудан бойынша 600 гектар картоптан - 12900 тонна өнім алынып, орташа түсімі - 215,0 ц/га; 1800 гектар бақшадан - 47700 тонна өнім алынып, орташа түсімі - 265,0 ц/га; 5100 гектар көкөністен - 136680 тонна өнім алынып.Сонымен қатар 1300 гектар қант қызылшасының 1080 гектары жиналып, орташа түсімі - 163,5 ц/га құрады, 17 658 тонна өнім алынды. 2016 жылы қант қызылшасы алқабын 2000 гектар алқапқа орналастыру жоспарлануда.
«Соңғы жылдары ауданымызда ағын судың тапшылығына байланысты және де қазіргі заман ағымына сәйкес шаруашылықтар жаңа технологиялар енгізу жұмыстарын қарқынды қолға алуда. Мәселен, ауданның агроқұрылымдары тамшылатып суғару технологиясын 2012 жылы - 95 гектарға, 2013 жылы - 193 гектарға, 2014 жылы - 400 гектарға енгізсе, ал 2015 жылы - 702,5 гектар алқапқа енгізіп (175,6%), шаруашылықтардан барлығы 354,84 млн. теңге инвестиция тартылды. 2016 жылы тамшылатып суғару технологиясы 850 гектар алқапқа енгізу жоспарлануда. 2015 жылы 5,138 гектар жылыжайларда қияр мен қызанақ егіп, өнім алынды («Манат» шаруа қожалығы - 1,0 гектар қияр, «Талап» шаруа қожалығы - 2,5 гектар қияр, «Ақжар» шаруа қожалығы - 0,1670 гектар қияр, сонымен қатар, осы жылы жаңадан іске қосылған «Серік» шаруа қожалығы - 0,8 гектар қызанақ, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті - 0,10 гектар қияр және «Ұлан» шаруа қожалығы - 0,571 гектар). 2016 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті 1,0 гектар алқапқа өндірістік жылыжай соғуды жоспарлауда.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр