- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының тұрғындарының 95 пайызы таза ауыз сумен қамтылған
Қызылорда облысының тұрғындарының 95 пайызы таза ауыз сумен қамтылған
Аталмыш бағдарламаның іске асырылғанына 5 жыл болды. Осы аралықта 27 млрд. теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде қазір Қызылорда облысындағы барлық 261 ауылдық елді мекеннің 74 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Салыстырмалы түрде айта кетейік, бұл көрсеткіш республика бойынша 48 пайызды құрайды. Ал халық санымен алғанда, аймақ тұрғындарының 95 пайызы таза ауыз суға қол жеткізіп отыр.
Қазіргі таңда Су ресурстары комитеті арқылы Шиелі ауданының 8 елді мекені Жиделі топтық су құбырына қосу жұмыстары жүруде. 2014 жылдан бастап Жаңақорған ауданында сметалық құны 12 млрд. теңге болатын Талап-Сырдария топтық су құбырының құрылысы салынуда. Бұл жобалар Су ресурстары комитетінің тікелей қаржыландыруымен республикалық бюджеттен салынуда. Бірақ қазіргі бюджет тапшылығына байланысты құрылыс жұмыстарын жалғастыруды Ислам даму банкісі арқылы қаржыландырылмақ. Банк тарапынан жобалар қолдау тауып отыр.
Сол сияқты Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл Арал ауданы Сексеуіл кенті мен Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің жобаларын қаржыландыру басталады.
Жалпы ауыз су мәселесін жақсарту мақсатында биылдан бастап Қызылордада республикада алғаш болып Бірыңғай оператор құруға жұмыс жасалуда.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері