- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат депутаттары мен шаруа қожалықтарының қызметкерлері балық шаруашылығын дамыту мәселесін талқылады
Сенат депутаттары мен шаруа қожалықтарының қызметкерлері балық шаруашылығын дамыту мәселесін талқылады
Сенаторлар Махамбет ауданындағы Ақтоғай ауылы мен Индер ауданындағы Өрлік ауылында болып, аудан басшылығымен, аудандық мәслихат депутаттарымен және бірнеше шаруа қожалықтарының еңбеккерлерімен кездесті. Жүздесу барысында Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» бағдарламасы мен бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жөніндегі Сенаттың заң шығару жұмысы туралы таныстырылды.
Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында қабылданған «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің маңызы туралы айтылды. Депутаттар Атырау қаласы аймағындағы Бекіре балық өсіру зауытының ұжымымен кездесу барысында еліміздің 2016-2018 жылдарға арналған республика бюджетіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, балық шаруашылығын өркендетудің өзекті мәселелері туралы ойларын ортаға салды. Сенаторлар алдағы күндерде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттерімен, профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесуді жоспарлап отыр.
Парламент Сенатының депутаттары Асқат Күзеков, Манап Көбенов пен Владимир Бобров Павлодар облысында жұмыс бабындағы сапармен болды. 3 мамырда сенаторлар А. Күзеков пен М. Көбенов Баянауыл ауданындағы қоғам қайраткерлерімен, ақсақалдарымен, әкімдік қызметкерлерімен және кәсіпорындар басшыларымен кездесу барысында Жер кодексіндегі жаңалықтар туралы әңгімелеп, жер қатынастарына қатысты өзекті мәселелерді түсіндірді. Сенаторлар А. Күзеков, М. Көбенов және В. Бобров таяу күндері Ақтоғай, Ертіс және Павлодарский аудандарына барады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді