- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО әкімі құрылысы жүріп жатқан жолдардың сапасын бақылады (ФОТО)
ОҚО әкімі құрылысы жүріп жатқан жолдардың сапасын бақылады (ФОТО)
Қазіргі таңда аймақтағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 20 987 шақырымды құраса, оның 13 789 шақырымы облыс орталығына тиесілі.
Өңірде жол жөндеу жұмыстарына айрықша назар аударылады. Мәселен, осы жылы 142 нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланса, Шымкент қаласы бойынша 13 нысанға қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, екі көшенің құрылысы, темір жол өткелі мен жер асты өткелін салу күн тәртібіне қойылып отыр.
Алайда, бұл бағытта атқарылар жұмыстар баршылық. Қаланы аралау кезінде Бейбіт Атамқұлов саладағы бірқатар өзекті мәселелер ретін атады. Мысалы, шаһар көшелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өтуіне тиісті жағдайлар жасалмаған. Ол үшін көшелердің бойына ыңғайлы еңістер жасап, жаяу жүргіншілер жолын салу керек.
Сонымен қатар, облыс басшысы қаладағы көшелердің әлсіз жарықтандырылуына назар аударып, ондағы бағаналардың екі жағына да экономикалық үнемді әрі қуаты күшті шамдарды орнатудың мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Мұнан бөлек, жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомагистралінің бірқатар учаскелерін аралады. Онда өңір басшысы мердігер компанияның маңызды көлік дәлізінің құрылысын кешеуілдетіп жатқанына тоқталып, жолды жөндеу жұмыстарының сапасына назар аударды.
Өз сөзінде, өңір басшысы айтылған кемшіліктердің осы жылдың қыркүйек айына дейін ретке келтірілуін тапсырып, кезекті рет бақылау жұмыс тобының ұйымдастырылатын айтты.
Жұмыс сапары кезінде жерді мақсатсыз пайдалану мәселесі де Бейбіт Атамқұловтың назарынан тыс қалған жоқ. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік органдар салынған ғимараттардың құжаттағы сәйкестігі тексеріліп, заңсыз салынған құрылыс нысандары бұзылатын болды.
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды