• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Бәзілжанов: Жер шетелдіктерге және шетелдік компанияларға облыс әкімдігінің шешімімен берілетін болады

Е.Бәзілжанов: Жер шетелдіктерге және шетелдік компанияларға облыс әкімдігінің шешімімен берілетін болады

4 Мамыр, 2016 16:12
Жер шетелдіктерге және шетелдік компанияларға облыс әкімдігінің шешімімен берілетін болады, деді «Республикалық ғылыми-әдістемелік агрохимиялық орталық» ММ-ң басшысы Ерболат Бәзілжанов ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында.

«Жер шетелдіктерге және шетелдік компанияларға облыс әкімдігінің шешімімен берілетін болады. Бұл жерде жанжақты бағдарламалар қарастырылған. Аудан әкімі оларға жер бере алмайды. Бұдан бөлек, облыс әкімдігі шетелдіктерге жер беру мәселесінде орталық құзіретті органның келісімімен ғана шешім шығара алатын болады»,-деді Ерлан Бәзілжанов.

Сонымен қатар ол, жерді жалға беру мерзімі 25 жылдан аспайтынын да атап өтті.

«Егер жерді пайдалануда заң бұзушылықтар болса немесе белгіленген бойынша пайдаланбаса шетел азаматтарына қолданылған сияқты шара, дәл солай Қазақстан азаматтарына да қолданылады. Біріншіден, ескерту жасалады, одан кейін айыппұл салынады. Егер бұған да көнбейтін болса, сот арқылы жер қайтарылатын болады»,-деп түсіндірді ол.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта мемлекет жерді тиімді пайдалану бойынша бақылау жасауды күшейтті және жүйелік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты жыл сайынғы агрохимиялық тексерудің көлемі 1,5-тен 3,5 млн.т гектарға арртты.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар