Қызылордада су көлігіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды

4 Мамыр, 2016 17:39
Су көлігі саласындағы өзекті мәселелер Қызылордада жыл сайын навигацияға дейін өтетін республикалық семинар-кеңес барысында талқыланды, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

Семинарға қатысушылар атап өткендей, қазіргі уақытта ҚР ИДМ Көлік комитетінің аумақтық органдары флоттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кемелердің пайдалануына бақылауды, су жолдарының жай-күйін қадағалауды, шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды, сонымен қатар кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттауды жүзеге асырады.

2015 жылғы навигация кезеңінде Көлік комитетінің инспекторлары 5,7 мыңнан астам кемені қарады, олардың барысында 700 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 3 млн 978 мың теңге сомасында айыппұл салынды.

Бұл ретте, 2014 жылмен салыстырғанда су көлігіндегі көлік оқиғалар саны

14-тен 8-ге азайды. Апат кезіңде қайтыс болған адамдар саны да 5-тен 4 адамға азайды.

 

 

Барлық жаңалықтар